Тарихтағы таңбалар және рәміз белгілері

2016 жылдың 3 маусымында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тарихтағы таңбалар және рәміз белгілері» тақырыбында оқушыларға тарихи - тағылымдық сабақ өткізілді.

Сабақта мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру, оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында өтті.

Сабаққа қалалық мектептен тыс оқыту орталығының ұстаздары мен оқушылары, мұражай қызметкерлері қатынасты.

Мектептен тыс оқыту орталығының оқушылары «ҚазақстанТәуелсіздік» залын тамашлау сәті

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru