«Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балалардың ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы мұражайға қызығушылықтарын дамыту болды.
Ашық есік күні музейді отбасыларымен Атырау қаласының тұрғындары, «Арай» балабақшасының бүлдіршіндері, «Дафанг» жазғы лагерінің демалушылары, Атырау облысы апаттар Медицина Орталығының қызметкерлері балаларымен, Қытай елінен және Шымкент қаласынан келген қонақтары тамашалады. Балалар үшін арнайы музейдің экспозициялық залдарында танымдық және ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Белсенді қатынасушыларға музейді жыл бойы тегін тамашалауға арналған отбасылық және достық абонементтері табысталды.
Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай ұйымдастырылған «Ашық есік күні»