18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» мерекелік шарасы

Халықаралық музейлер күніне орай қала тұрғындары мен қала қонақтарын Атырау өлкесінің тарихы, мәдениеті, табиғаты, этнографиясы және археологиясымен тереңірек таныстыру, жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрме – жәрмеңкесін ұйымдастыру арқылы көпшілікке насихаттау мақсатынд 18 мамырда сағ: 18.00-23.00 аралығында «Музей түні» өткізілді.

Шара барысында көрермендер үшін «VERO Modelz» cән әлемі модельерлерінің қатысуымен дефиле, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР суретшілер академиясының академигі К.Жапалованың батик өнерінен шеберлік сағаттары «Шабыт» фестивалінің лауреаттары Ә.Дәулетбаева мен Б.Бабашпен айтыскер С.Нұрмановпен сыр- сұхбат, жергілікті қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме – жәрмеңкесі, мұражай қорындағы сөмкелер коллекциясы көрмесі, «Тарихтың дауысты шежіресі» эпостық жырлары, ХІІ-ХХ ғасырларға жұмбақ саяхат (сұлтан Бейбарыс, Жәңгір хан және Фатима ханымның жанды бейнелерін бейнелеу), Халық қаһарманы Х.Доспанова туралы «Жеңіс тарихы» деректі фильмінің көрсетілімі, «Жас саяхатшылар» клубы мүшелерінің жұмысын қорытындылау жұмыстары және мұражай алаңында ата-баба дәстүріне сай самаурынмен шай қайнатылып, бауырсақ пісіріліп, дәм таратылды.

Шара барысында көрермендер мұражайдың экспозициялық залдарын және көрмелерді тамашалап, шараларға қатынасып, тарихи тұлғалармен фотосуретке түсті. «Музей түні» шарасына 1000–ға жуық көрермен қатынасты.

18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» мерекелік шарасы.

«Шабыт» фестивалінің лауреаттары Ә.Дәулетбаева мен Б.Бабашпен және айтыскер ақын С.Нұрмановпен сыр- сұхбат.

ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР суретшілер академиясының академигі К.Жапалованың батик өнерінен шеберлік сағаты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru