Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тұсау кесу» рәсімі

Атырау облысы жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы  мен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұжымы мемлекеттің мызғымас тірегі – ата - баба дәстүрінің аясын кеңейту, ұлттық тәрбиенің құндылығын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында 2016 жылғы 13 желтоқсан  күні сағат 11.00-де Аналар үйінде тұсау кесу рәсімін өткізді.

Тәуелсіздіктің 25 негізінің бірі – дәстүрлі отбасылық құндылықты насихаттау мақсатында «Аналар үйінде»  Жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ілеспек Милана мен Әлфейздей екі бүлдіршіннің тұсауын Республикалық «Дәстүрлі отбасы» байқауының лауреаты М.Дәулетова мен музей қызметкері Ғ.Қанатова кесті. Қонақтар құтты қадам тілеп, бата берді, тұсау кесу жыры айтылып, шашу шашылды. Музей қызметкерлерінің қолдауымен аналар мен бүлдіршіндерге сый-сияпат ұсынылды.

Шараға Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Г.Ботатаева, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету мемлекеттік мекемесі директоры орынбасарының міндетін атқарушы А.Дүйсенғалиева, Жасы кәмелетке толмағандарды оқшаулау орталығының директоры Ғ.Әділбекқызы, ішкі істер басқармасының өкілдері, музей қызметкерлері қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru