Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2018 жылы 14-16 наурыз аралығында «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің директоры Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сағаттарына шақырамыз. Толық ақпаратты Ырза Турсынзада парақшасынан біле аласыздар. #altyn_orda_astana #yrza_tursynzada

14 наурыз жылдың басы, Көрісу мейрамы!

Бүгінде  жаһандану заманында қазақтың ұлт болып, мемлекет болып сақталып қалуының бірден-бір кепілі - ұлттық иммунитетті күшейту, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың санасына сіңіру.

Атырау облысы биылғы жылы ел бірлігіне, ынтымаққа бастайтын Көрісу мейрамын елдік деңгейде кең ауқымды  тойлауды жоспарлауда.

Осыған орай  «Ұлы даланың Ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында 14 наурыз күні  Исатай-Махамбет алаңында  Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорынан ұйымдастырылатын көрмені  тамашалауға шақырамыз.

Келіңіздер! Көріңіздер!

 

2018 жылы 31 қаңтарда Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жаңа тарихи кезеңдегі рухани жаңғыру жолында ғасырлар бойы әр қазақтың төрінен орын алған қастерлі домбыраның мәртебесін жаңғырту, жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығы мен құрметін арттыра түсу мақсатында музей қорында жинақталған домбыралар коллекциясынан дайындалған «Домбыра-дастан» кітабының таныстырылым шарасы және көрмесі өтті.
Шараға Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор И.Жақанов, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одақтарының мүшесі, өлкетанушы Ө.Әлімгерейұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуанов, мәдениет саласының ардагерлері А.Кенжегалиев, А.Андарбаева, Қазақстанның Құрметті Журналисті Т.Жаңабайұлы, 500 адамдық оркестр құрамында домбыра тартқан ҚР Білім беру ісінің үздігі, аға мұғалім, республикалық байқаулардың лауреаты, сазгер Нұрпейіс Молдақұлов, Өнерпаз Аманғали Ахметов, Сағидаш Мырзағалиева және т.б ардагерлер, кітапқа енген домбыра иелерінің отбасынан ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Н.Үлкенбайұлының жұбайы Шолпан апай, ҚР еңбек сіңірген артисі М.Төрешовтың жұбайы Жақсыгүл апай, ҚР еңбек сіңірген артисі Р.Ғабдиевтің ұлдары, музейге 1975 жылы күміс пен сүйекпен өрнектелген домбыраны тапсырған Т.Лекеровтың қызы және т.б. ұрпақтары, мәдениет мекемелерінің басшылары, өнер иелері, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері қатынасты. 
Шара барысында «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері Қазақстанның халық артисі, күйші-сазгер Қаршыға Ахмедияровтың, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевтің, Қазақстанның халық артисі, дәулескер күйші - Рысбай Ғабдиевтің, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі - Мекес Төрешевтің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-сазгер Шәміл Әбілтаевтің, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, күйші, әнші, сахна шебері - Нариман Үлкенбайұлының, күйші, сазгер Ғатау Ибішевтің домбыраларында төгілте күй ойнады. 
Кітаптың тұсау кесу рәсімі Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор И.Жақанов пен ҚР Білім беру саласының үздігі, ардагер ұстаз Р.Латифуллинаға ұсынылды.

 

Біздің халқымыз жеті атасын жадына тұтып, қанының тазалығын, ұрпағының тектілігін сақтаған. Осынау ұланғайыр мекен – бабалардың мирасы, оның тұла бойы тұнған құпия. Оны танып білу, ұлықтау – бізге парыз. Ел тарихы әр отбасының тарихынан басталады. Сіздің әулетіңізде де айрықша тұлға болған шығар. Оның тұтынған бұйымдарын ерекше құрметтеп, ұрпақтан ұрпаққа жалғап, отбасылық жәдігер ретінде сақтаған болсаңыз, қилы заманның куәсі болған сол бұйымдарды музейге қойып , тәуелсіз еліміздің тарихына айналдырар сәт туды. Сіздерді ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын жәдігерлердіАтырау облысы  тарихи - өлкетану музейіне тапсырып, келешек ұрпаққа қалар мәдени мұралар қорын толықтыруға шақырамыз!

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Б.Момышұлы көшесі - 3

Байланыс телефондары: 32-36-64 32-06-72

Электрондық почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Біз туралы www.atyrau-museum.kz сайты арқылы толық таныса аласыздар.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі

Атырау облысындағы «Ортағасырлық Сарайшық» тарихи-мәдени және туристік орталығының ресми логотипін дайындауға байқау жариялайды!

Байқау шарттары:

- Ең жақсы логотипті анықтау және тарихи-мәдени ескерткіштерді сипаттау арқылы ортағасырлық Сарайшық қалашығының тарихын көпшіліктің назарына ұсыну;

- Эмблема ғылыми негізде археологиялық, сәулет, архивтік-библиографиялық және басқа да материалдарға негізделуі тиіс;

- Эскизде ортағасырлық Сарайшық қаласының бейнеленуі шынайы және тарихи тұрғыда көрсетілуі ескерілуі керек;

- Логотипті жасаған кезде «Ортағасырлық Сарайшық» жазбасы міндетті түрде болуы керек;

- Жиналған деректерді компьютерге енгізу, сызбаларды, жоспарларды, суреттерді және мәтіндік ақпараттарды жинау.

 

Байқау 24-қараша мен 20-желтоқсан аралығында өтеді.

Толық ақпарат: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

8 (7122) 32 81 36

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында 2017 жылдың «Жыл кітабы» атанған С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған мектеп оқушылары арасында 2017 жылғы 30 қараша күні интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегілікке тәрбиелеу, сондай-ақ жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту, ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru