Мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына арналған интерактивті балалар ойын алаңының ашылуы

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2017 жылы 19 сәуір күні    сағ.15.00 мектеп жасына дейінгі балалар менмектеп оқушылары үшін интерактивті балалар ойын алаңының ашылуы өтті.

Ойын алаңы балаларға қосымша білім беру кеңестігінің көмегімен өлкенің тарихы мен мәдениетін, археологиясы мен табиғатын таныстыру, балалармен жаңа жұмыс нысандарын дамыту, қазақтың  салт – дәстүрлері  мен әдет – ғұрыптарын  бойларына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.

Интерактивті ойын алаңы «Этнография» экспозициялық залында «Бауырсақ» ертегісінің театрландырылған қойылымымен басталды. Қойылымға киіз үй мен залдағы көріністер ертегіге әсемдік сипат беріп, балаларды «Бауырсақ» ертегісінің тартымды әлеміне ертіп кететін кейіпкерлері күтіп алды. Ертегінің жүріс барысында балаларға әр түрлі тапсырмалар беру арқылы, музыканың сүйемелдеуімен, интерактивті түрде өткізіліп, ертегі кейіпкерлерінің рөлін музей қызметкерлері сомдады. Археология залында жас бүлдіршіндер археолог рөлін сомдап, қазба жұмыстарына қатынасты. Табиғат залында балалар жануарлар, құстар және өсімдіктердің пазлдарын жинау арқылы оларды экспозициядан тауып, өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерінің суретін бейнеледі. Шара соңында балаларға этнография залында қазақ халқының дәстүрлі - асық ойыны ойнатылды.

Балалар ойын алаңының ашылу салтанатына  С.Қазыбаев атындағы жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі, «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері, И.Тайманов атындағы №27  орта мектебінің оқушылары, барлығы – 60 көрермен қатынасты.

«Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының ана – тәрбиешісі Бакиза Мақсотқызы Менешкалиева балаларға ертегі өте қатты ұнады, және танымдық ойындар өте қызықты болғандығы туралы әңгімелеп, өткізілген іс – шараның маңыздылығын айтып, музей қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru