«По страницам Красной книги» тақырыбындағы ойын элементтерімен өткізілген танымдық экскурсия

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылы 16 сәуір күні  сағ. 11.00 және 15.00де  «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «По страницам Красной книги» тақырыбында ойын элементтерімен танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия бастауыш және орта сынып оқушыларына  Қазақстанның  «Қызыл кітабы», оның құрылымы, қызыл кітапқа енгізілген аңдар мен құстар туралы түсінік бере отырып, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Танымдық экскурсия «Өлке табиғаты» экспозициялық залында өткізілді. Алғашқы экскурсияда қатынасушылар «Қызыл кітап» туралы жалпы мағлұмат алып, қызыл кітап қашан пайда болды және не үшін кітапта қара, қызыл, сары және ақ түсті парақтар болатындығы туралы сұрақтарға жауап алды. Қызыл кітапқа енгізілген өлкемізде кездесетін аңдар мен құстар туралы көптеген қызықты мағлұматтар алды. Экскурсия барысында балаларға арналған түрлі жұмбақтар, викторина және ойындар ұйымдастырылды. Балалар үлкен қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, ойындарға да белсене қатынасты. Ойын элементтерімен өткізілген танымдық экскурсияға қатысып ерекшеленген балаларға 2017 жыл ішінде «Сыныптастармен бірге музейге», «Барлық достарыңмен музейге» тегін кіру абонементтері берілді.

«По страницам Красной книги» тақырыбында өткізілген танымдық экскурсияға Атырау, Астана қаласының тұрғындары, №2, №6, №24 орта мектептері,  №30 мектеп-гимназия оқушылары, барлығы 76 көрермен қатынасты. Экскурсия соңында музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru