Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 12 сәуір күні сағ. 15.00-де «Сен жалғыз емессің» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Музей – тарих айнасы» тақырыбындағы видеофильмнің тұсаукесері өткізілді. Шара мүмкіндігі шектеулі жандарды мәдени ортаға тартып, қолдау көрсету және музейдің экспозициялық залдарымен таныстыру мақсатында өткізілді.
«Музей – тарихайнасы» атты видеофилімінде музейдің экспозициялық залдарының қазақ және орыс тілдерінде экскурсиялары көрсетілді. Видеофильм жүріп-тұруға елеулі қиындықтары бар, арнайы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін (арбадағы мүгедектер, балдақпен жүретін), сондай-ақ өздерінің ауруларына байланысты музейге келе алмайтын жандар үшін түсірілді.
Шараны музей басшысыРашида Ерімқызы Харипова ашып, презентацияны өткізу мақсатына тоқталып өтті. Презентация қатынасушыларына музейдің І - қабатындағы экспозициялық залдарға экскурсия жүргізіліп, әрмен қарай табиғат залындаІІ - қабаттағы экспозициялық залдардың экскурсиясы «Музей – тарих айнасы» атты видеофильмінде көрсетілді.
Шараға «Мүгедектер әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Кулбаршын Балхашевна Нұржігітова, мүгедектер қоғамының мүшелері, БАҚ өкілдері қатынасты.
Шара соңында Мүгедектер әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Б.Нұржігітова бұндай кездесулер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін маңыздылығын айтып, және осындай видеофильмнің көрсетілімін ұйымдастырғаны үшін музей ұжымына алғысын білдірді.