«Алуан түрлі жануарлар әлемі» тақырыбындағы ойын элементтерімен өткізілген танымдық экскурсия

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылы 9 сәуір күні  «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Алуан түрлі жануарлар әлемі» тақырыбында ойын элементтерімен танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия бастауыш және орта сынып оқушыларына жануарлар туралы түсініктерін, білімдерін арттыру, жануарлардың көп түрлілігі мен топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету және табиғаттың тіршілігі мен қоршаған ортаны тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Экскурсия «Өлке табиғаты» экспозициялық залында өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар Атырау өлкесінің шөл-шөлейтті, далалық жерлерін мекендейтін аң-құстары, Каспий теңізінің флора мен фаунасы туралы мағлұматтар алды. Балалар үшін арнайы бағдарлама жасақталып, жан-жануарлар жайлы жұмбақтар, викториналар өткізілді. Балалар үй  жануарлары мен жабайы жануарлар туралы мағлұмат алды. Жабайы жануарлар туралы түсініктерін толықтырып, оларға қамқор болуды меңгерді. Ойын элементтерімен өткізілген танымдық экскурсияға қатысып ерекшеленген балаларға 2017 жыл ішінде «Сыныптастармен бірге музейге» тегін кіру абонементтері берілді.

Экскурсияға Атырау қаласының тұрғындары, Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің сарбаздары, №3 орта мектеп, №30 мектеп – гимназия оқушылары, №6 «Гүлдер» балабақшасының бүлдіршіндері қатынасты. Экскурсия соңында музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru