«Ұлттық ойын-халық мұрасы» ойыны

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 14 сәуірде    сағ: 15.00-де  халқымыздың ұлттық ойындарының қалыптасуы, оның атадан - балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасу тарихы  және жастарға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттау мақсатында «Ұлттық ойын-халық мұрасы» атты танымдық ойын ұйымдастырылды.

Ойын барысында қазақ халқының ұлттық ойындарының тәрбиелік маңызы туралы жалпы түсінік бере отырып,  оларға ұлттық ойын түрлері салынған суреттерді слайд арқылы көрсетіліп сөз жұмбақ жасырып және «хан алшы», «тақия тастау», «ұшты,ұшты» сияқты ойындар ойнатылды. Бұл ойындар арқылы оқушылардың ой-өрісінің дамуына үлкен септігін тигізетін тапқырлыққа, шапшаңдылыққа, батылдыққа және адамгершілік қасиетті бойына сіңіру туралы айтылды.  Жастар өздерінің ұлттық ойындардан жақсы әсер алғандығын айтып, музей ұжымына алғысын білдірді.

Ойынғамузейдің этнография және өлке табиғатын ғылыми – зерттеу бөлімі құрған «Інжу маржан» этноклубының мүшелері, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж студенттері және Ж.Молдағалиев атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп - интернатының оқушылары,  барлығы 20 адам қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru