«Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Путешествие в ледниковый период» тақырыбында танымдық экскурсия

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 19 ақпан 2017 жылы сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Путешествие в ледниковый период» тақырыбында танымдық экскурсия өткізілді. Экскурсия бастауыш және орта сынып оқушыларына мұз дәуіріндегі жануарлармен, ерте кездегі адамның өмірімен және жер бетіндегі алғашқы тіршіліктің пайда болуы туралы таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Путешествие в ледниковый период» танымдық экскурсиясы «Өлке табиғаты» экспозициялық залында және I қабаттағы  дәліз бойындағы «Жер бетінде тіршіліктің алғашқы пайда болуы» диограманың қасындаөтті. Экскурсия барысында оқушылар мұз дәуірі туралы, мұз дәуірінде жануарлар әлемі (мамонт, жүндес мүйізтұмсық, үлкен мүйізді бұғы т.б.), Альп мұздықтарынан табылған Отзи есімді ерте кездегі адам туралы түсінік берілді. Экскурсия барысында деректі фильм көрсетіліп, балаларға викторина және «Охота на мамонта»ширату ойыны өткізілді.  

Барлық оқушылар үлкен қызығушылықпен викторинаға белсенді қатысып, жұмбақтарды шешіп, сұрақтарға жауап берді.  Әрбір бала өзіне пайдалы және қызықты нәрселерді біліп алды, ал жақсы білімі үшін, тапсырманы орындаған балаларға 2017 жыл ішінде «Сыныптастармен бірге музейге» тегін кіру абонементтері мен кітаптар берілді.

Бұл күні барлық келушілерге кіру тегін болды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru