Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Табиғат білгірі» тақырыбында зияткерлік, интерактивті викторина өткізілді

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 12 ақпанда сағ 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Табиғат білгірі» тақырыбында зияткерлік, интерактивті викторина өткізілді. Ойын бастауыш және орта сынып оқушыларына табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін, қоршаған ортаны және  өлкеміздегі жануарлар мен құстарды қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Табиғат білгірі» зияткерлік, интерактивті ойыны музей қорынан алынған аң-құстардың тұлыптарымен «Өлке табиғаты» экспозициялық залында өтті. Барлық оқушылар үлкен қызығушылықпен бүкіл жарыстарға және тапсырмаларда белсенді қатысты: жұмбақтарды шешті, сұрақтарға жауап берді, мақалды құрастырды, жақсы көретін ертегілердің жануарларын сахнаға қойды, құстардың дауыстарын тыңдау арқылы олардың атауларын тапты. Сондай-ақ балалар Атырау облысында мекендейтін қазіргі заманғы құстар мен жануарлар туралы мағлұматтар алып, олардың өміріне қатысты қызықты фактілермен танысты. Әрбір бала өзіне пайдалы және қызықты нәрселерді біліп алды, ал жақсы білімі үшін, тапсырманы орындаған балаларға 2017 жыл ішінде «Сыныптастармен бірге музейге» тегін кіру абонементтері берілді. Ойын соңында мұражайдың экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru