Мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Сағидолла Құбашұлының 90 жылдығына орай «Еңбегімен еленген тұлға» атты көрмемен еске алу шарасы өтті

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 10 ақпан 2017 жылы сағ.11.00-де  Мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Сағидолла Құбашұлының 90 жылдығына орай  «Еңбегімен еленген тұлға» атты көрмемен еске алу шарасы болып өтті.

Шара адамға тән биік парасатымен, азаматтық болмысымен көп іс тындырған,  елге сыйлы қадірлі азамат Сағидолла Құбашұлының тұлғалық қасиеті мен ұлтжанды азаматтығын жас ұрпаққа үлгі етіп, өмірі мен еңбек жолын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Туған өлкесінің өркендеуіне, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан азамат С.Құбашевты насихаттау мақсатында жасақталған көрмеге өмірдеректері,  әр жылдары партия кеңес ұйымдарын басқарған сәттерінде түскен фотосуреттері, орден-медальдары, кітаптары т.б. барлығы 90 дана жәдігер қойылды.

Шараға Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және  құжаттама  басқармасы басшысының орынбасары Азамат Жолаев,Сағидолла Құбашевтың үзеңгілес болған замандастары, әріптестері, Атырау облысының Құрметті азаматтары Есен Тасқынбаев, Орынғали Қарасаев, Миллят Сабырова, Сара Мұсағалиева, Мадина Ғабдусалимова, партия, кәсіподақ қызметкерлері  Жанай Берқалиев, Атырау облысы  ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау  қалалық филиалының төрағасы Әліпқали Бекешов, ҚР Мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиев және Сағидолла Құбашевтың қызы Айя Құбашева, Сағидолла Құбашевтың күйеу баласы, медицина ғылымдарының докторы, профессорТемірхан Бекбосынов және  туған туыстары, Атырау агротехникалық колледжінің студенттері, Атырау облыстық дарынды балаларға  арналған ұлттық гимназияоқушылары және  БАҚ өкілдері барлығы 75 адам  қатынасты.

Шараны Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипова ашып, Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Азамат Жолаев құттықтау сөз сөйлеп, Атырау облысының Құрметті азаматтары Орынғали Қарасаев, Есен Тасқынбаев, Миллят Сабырова, Қатимолла Ризуанов,  үзеңгілес досы Қайыржан Сәмешов және  еңбек жолын зерттеуші Жасұлан Шыманов сөз сөйлеп,  өз естеліктерімен бөлісті.  

Шарада  «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің 2-курс студенттері А.Ерімова «Наурызбектің толғауы» термесін,Ә.Оңайбаев Құрманғазының «Серпер»,  «Төремұрат» күйлерін күмбірлетіп төкті.

Шара соңында Сағидолла Құбашевтың қызы Айя Құбашева әкесі жөнінде еске алып,  шараның маңыздылығын, кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол екенін  айтып, музей ұжымына алғысын білдірді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru