Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72-ші жылдық мерекесі қарсаңында, 2017 жылдың 7 мамыр күні сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Халық қаһарманы» Х.Доспанованың 95 жылдығына орай, «Қаһарман қызы қазақтың» тақырыбындағы танымдық экскурсия және деректі фильм көрсетілімі өткізілді. Экскурсия ересектер мен балаларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
«Қаһарман қызы қазақтың» тақырыбындағы танымдық экскурсия «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» экспозициялық залында, Х.Доспановаға арналған экспозиция фонында музей қорында сақталған фотосуреттер мен құжаттар слайд арқылы жүргізіліп, Х.Доспанова туралы деректі фильм көрсетілді.
Экскурсия жүргізуші Д.Бисембаева барлық қатынасушыларды ең алдымен Х.Доспанованың өмірбаянымен таныстырып, Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Марина Раскова басқарған қыздар авициялық полктегі қызметі туралы толығырақ тоқталып, 46-шы гвардиялық полкінің құрамында жүріп 300 – ден астам әуе шайқастарына қатынасып, Х.Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанғаны туралы, соғыс кезіндегі батылдығы мен батырлығы жайында әңгімеледі.
Экскурсияға Атырау қаласының тұрғындары, облыстық дарынды балалар мектеп интернаты, №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық гимназия, Ж.Жамбыл атындағы №21 орта мектеп, №28 орта мектеп, Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп оқушылары, барлығы 37 адам қатынасты.
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің сынып жетекшісі Елжан Нуруя Елжанқызы мұндай танымдық экскурсиялардың оқушылар үшін маңыздылығын айтып, біздің ата – бабаларымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен бейнесі тарих бетерінде мәңгі сақталып, ұрпақ алдында қашанда асқақ көрінетініне кәміл сенуге болады, -дей отыра, музей қызметкерлеріне өткізілген экскурсия үшін алғысын білдірді.