Мәскеу қаласының азат етілгеніне 75 жыл толуына орай өткізілген «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» тақырыбындағы ерлік сабағы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 26 сәуірде  сағат 15.00-де Мәскеу қаласының азат етілгеніне 75 жыл толуына орай «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.

Сабақ Мәскеу шайқасының екінші дүниежүзілік соғыстағы ірі шайқастардың бірі болғандығы және жас ұрпаққа Мәскеу шайқасында фашистік армияның алғаш рет ауыр жеңіліс тапқандығын, сол шайқасқа өңірімізден шыққан батырлардың қатынасқандығы жөнінде түсінік беру мақсатында өтті.

Ерлік сабағы  болашақ ұрпақ аға буынның ерлік істерін насихаттап жастарды патриотизмге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, тәрбиелеуге бағытталды. Майдангерлеріміз ерлік пен бірлік, майдан мен тылдың тұтастығы, еселі еңбек пен маңдайдан тамған ащы тер арқасында қасиетті Отанды қорғап қалды. Олардың елге деген сүйіспеншілігі,  кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігі жөнінде толыққанды мағлұмат беріліп, Мәскеу шайқасы жөнінде музей қорында жинақталған құжаттар мен фотосуреттерден слайд көрсетілді. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» экспозициялық залындағы Мәскеу түбіндегі шайқасқа арналған арнайы экспозиция таныстырылды.

Сабақ соңында №2016 әскери бөлімнің командирі Берікжан Кулдашбеков: «Жас ұрпақты патриотизмге баулып, елін, жерін сүюге, оның қадір-қасиетіне тереңірек үңілуге және бастан кешкен небір қанқұйлы шайқастар жөнінде толық түсінік алатын ерлік сабақтары жиі өтіп тұрса, қуана-қуана келеміз»,-деп өз пікірін білдірді.

Сабаққа қаладағы №2016 әскери бөлім сарбаздары және музей мамандары, барлығы 30 адам қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru