Халық қаһарманы Хыйуаз Доспанованың 95 жылдығына орай мектеп оқушылары арасындағы музей кубогы үшін өткізілген қалалық пікірсайыс турнирі

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Хыйуаз» патриоттық клубының ұйымдастыруымен 22 сәуір 2017 жылы Халық қаһарманы Хыйуаз Доспанованың  95 жылдығына орай  мектеп оқушылары арасында  музей кубогы үшін  қалалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Турнирдің мақсаты:Хыйуаз Доспанованың ерлігін насихаттай отырып, жастар арасында патриотизм мен қоғамдық өзекті мәселелерді көпшілікке талқылау  және талдау арқылы белсенді азаматтық  ұстаным қалыптастыру, өскелең ұрпақтың тәрбиесінде, тарихи санасында музей саласының ғылыми ағарту мекемесі ретінде қалыптасуына ықпал жасау, шешендік шеберлігін дамыту, жастардың интеллектуалды дамуы үшін жағдай жасау.

Турнир қазақ лигасында АПФ (Американдық парламенттік форматы) бойынша өткізілді. Турнир  қарарлары:

1.БП (бұл палата) Қазіргі кезде жастар арасында ұлттық ойындардың ойнатылуы тиімді деп есептейді.

2.БП  Атырау өңірінде тарихи орындардың насихатталуының тиімді жолдарын ұсынады.

3.БП Әлеуметтік желінің пайдасы көп деп есептейді.

4. БПҚазақстандағы музейлердің рөлі жоғары деп есептейді.

5.БП Хыйуаз Доспанова ерлігінің насихатталуының тиімді жолын ұсынады.

Турнирге қатысушылар:

1.     «Алашорда» фракциясы Ж.Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар облыстық лицейінің оқушылары

2.     «Көшбасшы» фракциясы№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары

3.     «Зияткер»фракциясы Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары

4.     «Байконур» фракциясы № 15 Абай атындағы орта мектебінің оқушылары

5.     «AIS» фракциясы№31 орта мектебінің оқушылары

6.     «Исатай жастары»фракциясы №27  И.Тайманов атындағы орта мектебінің оқушылары

7.     «Еуразия» фракциясы№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары

8.     «Әлия-Мәншүк»фракциясы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның оқушылары

Аталған турнирге «Сенатор» пікірсайыс клубының мүшелері және музей мамандары төрешілік етті.Турнир соңында  қатысушыларға  Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының арнайы алғыс хаттар табыс етілсе, ІІІ дәрежелі диплом №27 И.Тайманов атындағы орта мектептен келген «Исатай жастары» фракциясы, ІІ дәрежелі диплом №34 лингвистикалық мектеп-гимназияның «Көшбасшы» фракциясына бұйырды. Ал аталған турнирдің жеңімпазы, музей кубогына №31 мектеп – гимназиясынан келген «Айс» фракциясы ие болды. Сонымен қатар турнирде үздік ойын көрсеткені үшін №34 лингвистикалық мектеп-гимназияның «Еуразия» фракциясының спикері Нышанбаева Жұлдыз «Үздік спикер», турнирге төреші болған «Сенатор» пікірсайыс клубының мүшесі Қасымов Абай «Үздік төреші» сертификатымен куәландырылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru