Кеңес Одағының Батыры Георгий Феодорович Канцевтың 110 жылдығына орай өткізілген «Елімнің ерлік беттері» тақырыбындағы көрме және батыр ұрпақтарымен, тыл ардагерлерімен кездесу кеші

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 4 мамыр 2017 жылы Кеңес Одағының Батыры Георгий Феодорович Канцевтың 110 жылдығына орай   «Елімнің ерлік беттері» тақырыбында  көрме және батыр ұрпақтарымен, тыл ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кеші жас ұрпаққа Атыраулық батырлар жөнінде түсінік беріп, өмір жолдары мен көрсеткен ерліктерін насихаттау мақсатында өтті. Шараға қатысушылар батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Кездесу кешіне тыл ардагері Парух Нәжімеденұлы Марданов, Кеңес Одағының Батыры Г.Ф.Канцевтің немересі Людмила Михайловна Канцева және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері  қатынасты.

Шара барысында«Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы көрме таныстырылып, Кеңес Одағының Батыры Г.Ф.Канцев туралы естелік әңгімелер айтылды.

Тыл ардагері П.Н.Марданов Ұлы Отан соғысы кезіндегі азап пен тылдағы қиындықты, әкесіз өткен балалығын айтып, жастарға азат елдің бейбіт күнінің қадірін білу керек екенін ұғындырды.

Шара соңында Жеңіс күніне арналған құттықтаулар айтылып, естелік фотосуретке түсірілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru