
Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.
Дүйсенбі | Демалыс күні |
Сейсенбі | 10:00-18:00 |
Сәрсенбі | 10:00-18:00 |
Бейсенбі | 10:00-18:00 |
Жұма | 10:00-18:00 |
Сенбі | 10:00-18:00 |
Жексенбі | 10:00-18:00 |
«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»
Бүгін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Zoom бейнебайланыс платформасы арқылы 2020 жылғы есептік жылды қорытындылау жиналысы өтті. Жиын барысында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен «Atyraý» телеарнасының бірлескен жобасы «Атырау квест» бағдарламасы жаңа маусымда жаңа қатысушылармен көрермен назарына 2020 жылдың 4 қыркүйегінен бастап ұсынылып, ағымдағы жылдың 18 мамыр – халықаралық музей түніне дейін жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының төл мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдық мерейтойына орай әріптестеріміз Аймуканова Күміс Сатыбалдықызы, Хасанова Бақтыгүл Қаспайқызы және Нұрпейісова Светлана Құспанқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, Наурызбаева Меңсұлу Тұрсынғалиқызы «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
«Тарих керуені» осындай тақырыпта аудандық музейлер бір-біріне бейнесаяхат жасады. Жылдық жұмыс жоспарға сәйекс аудандық музейлер өздеріне жақын орналасқан өзге аудандық музейлерге көшпелі көрме ұйымдастыру көзделген болатын.