Мемлекет және қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың ұрпақтарымен кездесу өтті

2023 жылдың 29 тамызында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Мемлекет және қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың елге сіңірген еңбектерін ел есінде сақтау, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету көпшілікке насихаттау мақсатында ұрпақтарымен кездесу өтті.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға Алматыдан ат басын бұрып, Атырауға Нұғыман Маневтың шөберелері Манаева Мадина Серікқызы және Манаева Асия Серікқызы қатысты. Айтулы тұлғаның ұрпағы, шөберелері атасы Нұғыман Манаевтың құжаттарын соның ішінде сирек кездесетін еңбектерінің бірі «Иман Ислам» кітабының көшірмесі, архивтік құжаттар мен фотоматериалдардың көшірмелерін  музей қорына табыстады.

Сонымен қатар бүгінгі шараға әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, Қазақстан Жазушылар және Журналисттер одақтарының мүшесі Өтепберген Әлімгереев,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің профессорлары Амангелді Шамғонов, Аққали Ахмет, тарих ғылымдарының кандидаты Қабибек Мұхитов, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғабит Қабекенов және музей мамандары мен БАҚ өкілдері қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru