Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО-ның Құрметті мұнайшысы Жолдасқали Досмұхамбетовтің туғанына 105 жыл толуына орай «Мұнай мұхитының көшбасшысы» тақырыбында тарихи-танымдық сабағы өтті.
Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледж студенттері мен музей мамандары қатысқан шарада білікті мұнайшы ретінде атағы шартарапқа танымал тұлғаның өмір жолы, еңбектегі жетістіктері жан-жақты таныстырылды. Сабаққа қатысушылар елге сіңірген ерен еңбегі арқасында екі рет Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты болған танымал мұнайшының музейдің көрме залына қойылған «Құрмет белгісі», «Еңбек ҚызылТу», «Ленин», «Октябрь Революциясы» ордендері мен медальдарын тамашалады.