Бүгін 15-тамыз археологтар күні

Осы кәсіби мереке қарсаңында Кембридж университетінің докторы, Макдональд атындағы археологиялық зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ребекка Робертс және Кембридж университеті археология кафедрасының PhD докторанты Салтанат Амир Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келіп, музей археологтарымен кездесіп, іс-тәжірибе алмасты. Кездесу барысында музейдің археологиялық залдарын аралап, асқан қызығушылық танытты.

Негізгі зерттеу тақырыптары темір дәуіріне арналғаннан кейін музей экспозициясында сол дәуірге тиесілі жәдігерлер туралы тереңірек мәліметтер алды. Темір дәуіріндегі металл әшекей бұйымдар мен биоорганикалық  материалдарға арналған жобаларын музей қызметкерлерімен бөлісіп, алда бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде пікірлер алмасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru