Қазан айының 27-29 аралығында Атырауда «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, жалпақ әлемге «Алтын Орда» дәуірінің асқақтығын паш еткен ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шет елдерден белгілі ғалымдар мен тарихшылар келді. Үш күнге созылған жиында өткен дәуірлерде дәурен құрған алып мемлекеттің тарихы жан-жақты сараланды. Тарихи деректер ортаға тасталып, Ұлық Ұлыстың ұлықтығын одан әрі дәріптеу жолдары қарастырылды.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және отандық, Еуропа, Америка, Түркия, Жапония, Ресей, Украина елдерінен зерттеуші-ғалымдар қатысты.