Археологтар Қарабау ауылы маңынан құнды дүниелер тапты

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жылдық жоспарға сәйкес 21-тамыз бен 29-қыркүйек аралығында Қызылқоға ауданындағы «Қарақұдық-1» және «Қарадұқық-2» қорғандарындағы қазба жұмысын аяқтап, құнды дүниелерді тапты.

Ерте темір дәуірі (б.з.д 4-5 ғғ) Қарақұдық-1, Қарақұдық-2 қорғандар тобы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан солтүстік батысқа 9,7 км  қашықтықта орналасқан. Қарақұдық 1 қорғанының диаметрі 38 м, биіктігі 1,8 м. Қарақұдық 2 қорғанының диаметрі 37 м , биіктігі 1.4 м, қорғандардың айналасын қоршай ені 2 м тереңдігі 50 - 70 см болатын ор орналасқан. Қорғандар бір келкі құмды топырақтан үйіліп жерлеу орындарының жоғарғы бөлігі қоға, ағаш боліктерімен жабылған. Жалпы қорғандардағы қазба жұмыстары негізінде 10 жуық жерлеу орындары анықталды. Бір ерекшелігі, қорғанның тоналмаған қосалқы жерлері анықталды. Жерлеу орындарының орталық (негізгі) қабірлері толықтай тоналған , тек №1 қорғанның 2 қабірінен тоналмай, алтын әшекей бұйымдары, керамикалық ыдыстар, әртүрлі тұрмыстық заттармен қоса сыртқы бөлігі күміс пиктограма ( киік, қасқыр бейнелері) қағылған ағаш ыдыс бөлігі анықталды. №2  қорғанның 3 жерлеу орнынан жауынгер ер адамдың мүрдесі анықталды, қабірге керамикалық ыдыс, сындырылған қола қазан бөліктері, алтыннан жасалған ат әбзелдерімен қоса темір және қоладан жасалған қару жарақ ( акинақ, семсер, жебе ұштары, найза бөлігі) анықталды . Сонымен басқа жерлеу орындарынан  қоса үш қола қазан қоса анықталды . Археологиялық зерттеу жұмыстары негізінде, анықталған жәдігерлерді салыстырмалы түрде б з д 4 -5 ғасырларға тән ерте Сармат дәуірі Прохров кезеңі.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru