Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 9 сәуір күні «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Алуан түрлі жануарлар әлемі» тақырыбында ойын элементтерімен танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия бастауыш және орта сынып оқушыларына жануарлар туралы түсініктерін, білімдерін арттыру, жануарлардың көп түрлілігі мен топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету және табиғаттың тіршілігі мен қоршаған ортаны тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.