"Тәуелсіздігімізді айшықтаған Ата заң" тақырыбындағы Музей түні

7НМ8 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысы М.М.Тәжиннің төрағалығымен өткен кеңестегі «Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша берген тапсырмасына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» акциясы 30 тамыз Конституция күніне орай «Тәуелсіздігімізді айшықтаған Ата заң» тақырыбында өткізілді.

 Ата-бабаларымыздан сақталған мұраларды көненің көзіндей сақтап насихаттап, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту, Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы тарих залдарында насихатталса, музейдің «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» экспозициялық залында 1995 жылы 30 тамызда қабылданып, 5 қыркүйегінде күшіне енген Ата заңымыз туралы танымдық экскурсиялар, викториналар, сауалнамалар жүргізілді.

Әр көрерменнің жүрегіне жол тапқан аса құнды жәдігерлер тектілігімізді дүние дидарына жария еткен, биылғы жылы табылғанына жиырма жол толып Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына көрмеге қойылатын Алтын адам, қазақ халқының қасиетті киіз үйі, Сарайшықтағы «Алтын қайық» аңызы, ұлттық әшекей бұымдар, Екінші дүниежүзілік соғысы залы, Сұлтан Бейбарыс, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы туралы жасақталған экспозиция ерекше әсер қалдырды.

Сонымен қатар музей көрермендері, музейдің «Тылсым дәуір», «Этнография», «Археология», «Өлке табиғаты», «ХІІ-ХХ ғасырлардағы өлке тарихы», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы», «Өлке мәдениеті мен әдебиеті» экспозициялық залдарындағы құнды жәдігерлерден алған ерекше әсерлерімен бөлісіп, тарих тұңғиығына тереңірек сусындағысы келген көрермендер музей қызметкерлерінен қандай да бір ақпарат сұрап жатса, енді бірі естелік суретке түсіп әлеуметтік желіде өз достарымен бөлісіп, оларды да музейге шақырып жатты.

         Кешкі 21.00 мен 03.00 аралығында өткен «Музей түні» жобасына 1572 көрермен қатынасты. Көрермендердің арасында сауалнамалар жүргізіліп, нәтижесінде музей түнінің көрермендерді музейге тартуда қажеттілігі анықталды.

Шежіреге толы өлкеміздің тарихи құндылықтарымен таныстыру жүйесі өте жоғары деңгейде, - деп қала қонақтары мен тұрғындары өз тілектерін, жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдіріп, пікір кітабына өз ұсыныс-пікірлерін жазып, қолтаңбаларын қалдырды.

         Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің кезекті музей түні жобасы 20 қыркүйекте өткізу бекітілді. Аталған күні музейде Атырау облысындағы аудан күндерінің көрмелері өткізілуіне орай Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр. Құрманғазы ауданының барлық өңірлерінен жинақталған құндылықтар музей көрермендеріне насихатталып, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері ұйымдастырылып, көркемөнерпаздары концерттік бағдарлдамамен көрермендерді сусындататын болады.

                «Музей түні» жобасын жалғастыруды Атырау облысындағы «Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер» музейіне жолданды.

Ғасырлар тереңінен сыр тартқан өлке тарихымен жете танысуға шақырған «Музейлер шеруі» жобасы жоғары деңгейде өтті. Бұрын жылына 1 рет қана өткізіліп жүрген музей түні ай сайын өткізілсе жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары асыға күтетін рухани, мәдени іс-шараға айналатындығына сенім білдірді. 

1НМ8  6НМ8 

7НМ8 4НМ8

            2НМ8 5НМ8 3НМ8

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru