Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және Халықаралық жастар күніне орай 13 тамыз 2019 жылы сағ 17.00-20.00 аралығында Мəдениет жəне демалыс саябағында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорынан «Ұлттық құндылықтар ұлы мұра» тақырыбында көрмесі ұйымдастырылды.
Елімізде Жастар жылының жариялануы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасының жас буынға арнаған жарқын үндеуінің негізінде Ретро саябақ алаңында өткізілген көшпелі көрмеге музей қорынан 41 тарихи-этнографиялық жәдігер қойылды.
2018 жылы Жастар күніне орай өткізілген көрмеден қала тұрғындары "Ұлы даланың - рухани мұрасы" қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі - Сарайшық қаласынан табылған жəдігерлермен толықтай танысқан болса, осы жылы өлкеміздің қасиетті тарихының, тұрмысы мен мәдениетінің қайнар көзі болып табылатын музей қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында жасақталған көрмеге дәстүрлі жауынгерлік қарулардың толық кешені – «ер қаруы - бес қарудың» түрлері, ат-әбзелдері, ұлттық мәдениетіміздің қайталанбас туындылары ішінде киіз үй жабдықтары (бітпес, керме, қоржын), өзіндік көркемдігімен, қарапайым әсемдігімен өзгешеленетін ағаш, тері бұйымдары мен жез ыдыстар көрермен назарына ұсынылды.
Көрмеге қойылған жәдігерлердің арасында көпшіліктің назарын өзіне аудартқан ерекше картиналар, теріден жасалып сүйекпен өрнектелген «Көк бөрі», «Тәуелсіздік қыраны», «Көріпкел» тамаша қолөнер туындыларын Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғыны Серік Матеньязовқа әріптесі суретші, қолөнер шебері Әйіпқалиев Кеңестің сыйға берген. Бұл картиналардың ерекшелігі мен мағынасы бірінші туынды «Көк бөрі» - қасқырдың бас сүйегін қолданып қасқырдың қайсарлығын бейнелеген; екінші туынды «Тәуелсіздік қыраны» - малдың жауырын сүйегін, қыран құстың тырнағын қолданған; және үшінші «Көріпкел» туындысы - малдың жауырын сүйегі мен кәріжілігі пайдаланылып, Астана қаласындағы «Бәйтерек» бейнеленген. Көрмені экскурсиялық – бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсия жүргізушісі Д.Бисембаева қазақ және орыс тілдерінде таныстырды.
Ұлттық құндылықтар мен мәңгілік мұраларымызды рухани тұрғыда насихатталған көрменің терең мәні мен мазмұны жастарды тәрбиелеуге зор ықпал жасайтынын атап өткен қала тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалап, ризашылығын білдірді.