Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

кк5Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 18 қыркүйегінде 3-тоқсан бойынша қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы өткізілді.

Қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының шешімімен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорына 209 сақтам бірлік, Индер аудандық бөлімшесіне 5 сақтам бірлік, Исатай аудандық бөлімшесіне  1 сақтам бірлік, М.Өтемісұлы әдеби-мемориалдық ауылдық бөлімшесіне 20  сақтам бірлік қабылданды.  

ТК62019 жылы 13 қыркүйек күні сағ: 11.00 де Атырау облысы тарихи –өлкетану музейінде Елбасының Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, барысында  музей қорында жинақталған қазақ халқының қолөнер үлгісі түкті кілемдер коллекциясымен таныстыру, халықтық қолөнерді құрметтеуге, қастерлеуге, үйрету және насихаттау мақсатында қорда жинақталған кілемдер қоллекциясынан «Түкті кілемдер сыры» атты  уақытша  көрме  ұйымдастырылды.

атамұра2Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жастар жылына орай студенттер арасында 12 қыркүйек 2019 жылы «Атамұра» лингвисткалық ойыны өткізілді.

Ф62019 жылы 11-14 қыркүйек аралығында поэзия падишасы атанған қазақтың танымал ақыны, Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай "Патша-сөздің Фаризасы" атты апталық аясында Атырау облысы тарихи-өлкетау музейі көпшілік назарына музей қорында жинақталған ақынның фотосуреттерінен, орден-медалдары мен марапаттауларынан, жеке тұтынған заттарынан және кітаптарынан жасақталған «Поэзия падишасы» көрмесін ұсынды. 

КМ20Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  «Қазақстанның Киелі  жерлер географиясы»  жобасына байланысты  «Жас қоғам» ЖБДҚ ЖҚ тапсырысына сәйкес Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Атырау облысының ішкі туризмі бойынша Махамбет-Индер, Мақат-Жылыой және Атырау қаласы аумағында орналасқан 35 тарихи орындар мен ескерткіштерге экскурсия жүргізілген болатын.

7НМ8 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысы М.М.Тәжиннің төрағалығымен өткен кеңестегі «Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша берген тапсырмасына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» акциясы 30 тамыз Конституция күніне орай «Тәуелсіздігімізді айшықтаған Ата заң» тақырыбында өткізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru