Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

ретро корме1Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және Халықаралық жастар күніне орай 13 тамыз 2019 жылы      сағ 17.00-20.00 аралығында Мəдениет жəне демалыс саябағында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорынан  «Ұлттық құндылықтар ұлы мұра» тақырыбында көрмесі ұйымдастырылды.

ашыкесик2Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Атырау облысы  Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын немесе мемлекеттік тапсырысты іске асыратын облыстың барлық әлеуметтік нысандарына әр айдың соңғы жұмасы «Ашық есік күнін» өткізуді тапсырылуына байланысты

ІС22019 жылдың шілде айының 12-19 күндері  Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің  Ғылыми қор бөлімінің мамандары: музей қорларын сақтау секторының сектор жетекшісі – К.Елеуова, музей қорын есепке алу секторының әдіскері – М.Наурызбаева, қор сақтаушы – С.Тайшиева  Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Ұлттық музейі және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасында  іс-тәжірибе алмасты.

Лаэти1Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Туған жер» жобасы аясында тарихи-археологиялық зерттеу бағытында Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің тарих ғылымдарының кандидаты М.Қасеновтың және Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Р.Харипованың жетекшілігімен музей мамандары және арнайы жұмысшы топ құрылып, ағымдағы жылдың мамыр айының 18-нен 17 шілдеге дейін орта ғасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығына археологиялық қазба жұмысын жүргізді.

Бурабай1Ірі көлемде ұйымдастырылып келе жатырған жобалардың бірі «Музейлік квест» интелектуалдық байқауы биыл бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында өткізіліген болатын. Түрлі сынақтар мен сайыстар арқылы музейдегі тарихи-археологиялық, этнографиялық құнды жәдігерлердің тарихын ұғындыру мақсатында өткізілген сайыста «Atyray» телеарнасының командасы жеңімпаз атанып Көкшетаудағы «Ботай-Бурабай» ашық аспан музейіне жолдаманы ұтып алған болатын 

Көрме1 4 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және Ұлттық домбыра күніне орай 7 шілде 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың қатынасуымен Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген шараға Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорынан домбыралар коллекциясының көрмесі ұйымдастырылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru