Ғылыми-кеңес мәжілісі

КЕНЕС12019 жылдың 14 тамыз күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанындағы ғылыми-кеңес мәжілісі өтті. 
Кеңес мәжілісінің күн тәртібінде «ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, өлкетанушы М.Жолжановтың музей қорында жинақталған қолжазбаларын баспаға жіберу, жинақ шығару», «Музей қорындағы «Урало-Каспийский край» кітабын баспаға жіберу», «Миялы қорғанынан табылған жәдігерлерді консервациялау мен реконструкциялау», «Музейдің алдағы жоспарында жоспарланған уақытша көрмелер мен коллекциялық көрмелерін ұйымдастыру үшін «Өлке табиғаты» экспозициялық залын уақытша көрме залы етіп жасақтау» жөніндегі мәселелер талқыланды. 

Ғылыми-кеңес мүшелері: 
1. Харипова Рашида Ерімқызы – Атырау облысы тарихи өлкетану музейінің басшысы. 
2. Ризуанов Қатимолла – Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы. 
3. Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлы – Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 
4. Әлімгерейұлы Өтепберген - Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, өлкетанушы. 
5. Жаңабайұлы Төлеген – Қазақстанның Құрметті журналисі, Журналистер Одағы 
сыйлығының лауреаты. 
6. Балмағамбетов Исатай Құндызбайұлы – «Атырау» облыстық қоғамдық – саяси газетінің Бас редакторы. 
7. Мұхтар Әбілсейіт Қапизұлы – Тарих ғылымдарының докторы, Сарайшық Мемлекеттік музей-қорығының басшысы. 
8. Кенжегалиев Абат - ҚР-ның Мәдениет қайраткері. 
9. Кипиев Мұқамбетқали Қуанышқалиұлы - Атырау облысы тарихи және мәдени мұраны қорғау орталығының басшысы. 
10. Қасенов Марат Сейтжанұлы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми-кеңес мүшелері оз ойларын ортаға салып, бірауыздан ұсыныс-пікірлер қабылданды. Сонымен қатар мәжілісте музейдің алдағы ауқымды іс-шаралары таныстырылды.
КЕНЕС1 КЕНЕС2
КЕНЕС3 КЕНЕС4

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru