Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын немесе мемлекеттік тапсырысты іске асыратын облыстың барлық әлеуметтік нысандарына әр айдың соңғы жұмасы «Ашық есік күнін» өткізуді тапсырылуына байланысты
2019 жылдың 26 шілде күні сағ 10.00-18.00 аралығы «Ашық есік күні» болып жарияланды. Аталған шара аясында қала тұрғындарымен қатар, «Знамус» жазғы лагерінің демалушылары, Құрманғазы ауданы, Ресей Федерациясы Новосибирск қаласынан, Алматы қаласынан келген қала қонақтары мен шетелдік қонақтарда музей экспозициясын тегін тамашалап, естелікке фотосуретке түсті. Музейді барлығы 125 адам тамашалады.