Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2023 жылдың 14 қараша күні Ұлттық валюта күніне орай «Теңге төл тарихы» атты музей қорындағы әр жылдарда қолданыста болған Ұлттық валютамыз теңге түрлерінен және XVIII-XX ғғ қолданыста болған әр елдің қағаз және тиын ақшаларынан уақытша көрме ұйымдастырылды.
Көрме Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгеніне 30 жыл толуына орай, әр жылдарда шығарылған банкноттар жайында, оның шығу тарихы туралы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау және музей қорындағы XVIII-XX ғ.ғ қолданыста болған ақшалар коллекциясынан түсінік беру мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеде алғаш шығарылған теңгеміздегі белгілі тарихи тұлғалардың бейнесі бейнелеген қағаз ақшалар мен қағаз түрінде шығарылған тиындар орын алды.
Сонымен қатар, көрмеде патшалық Ресейдің кезеңінде қолданылған ақшалар, КСРО кезіндегі ақшалар, азық-түлік үшін берілген талондар, әлем валюталары барлығы 120-дан аса жәдігер қойылды.