28-наурыз - Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ортағасырлық «Таскешу» керуен-сарайы мен Сарайшық қалашығына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлердің көрмесі таныстырылды.
Көрмеде Таскешу керуен-сарайынан табылған Алтын Ордалық 30-ға жуық Тоқтамыс хан мен Өзбек ханның монеталары, керамикалық ыдыс фрагменттері, моншақ бөліктері, шығыр бөліктері, әртүрлі іздер қалған стандартты кірпіш тастар сонымен қоса Ортағасырлық Сарайшық қалашығынан табылған Мурид хан, Жәнібек хан, Темір Қожа хан, Әзиз Шейх хан, Өзбек хан, Құлына хан т.б хандардың 100 ге жуық күміс монеталары, қыш ыдыс түрлері құмыра, құмған, көзе, түбек, ыдыс қақпақтары, әр түрлі сырлы ыдыс бөліктері, шаруашылық мақсатта қолданылған қыш бұйымдар шырағдан түрлері, құбыр, шығыр, сфераконус бөлігі, ау батырмалары, ұршық басы, тас қалып түрлері, сүйек бұйымдар шүмек, өңделген сүйектер – ау тоқуға арналған сүйек түрлері, өңделген асық, әшекей түрлері қола айна, қола айна бөліктері, шыныдан жасалған моншақ түрлері т.б көрермен назарына ұсынылды.
Көрмеге Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері, БАҚ қызметкерлері, музей қызметкерлері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан курстан өтуші бастауыш пәні мұғалімдері және қала тұрғындары тамашалады.