4-қазан Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай «Аң мен құс- елдің дәулеті» тақырыбында дәріс

Атырау облыстық тарихи - өлкетану музейінде 4-қазан Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай «Аң мен құс- елдің дәулеті» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріске Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 10- сынып оқушылары мен ұстазы қатысты. Жас буын өкілдеріне облысымызда кездесетін жануарлардың, құстардың түрлері, олардың табиғатта алатын орны, маңызы түсіндіріліп, сонымен қатар жойылып кетудің аз - ақ алдында тұрған, яғни Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген аң- құстардың тұлыптары көрсетіліп, жануарлардың ерекшеліктері, тіршілігіндегі ғажайыптары, пайдасы, маңызы, құстардың ұя салудағы шеберліктері жөнінде кеңірек мағлұматтар берілді. Аталмыш дәріске оқушылар қызығушылықпен қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru