Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 19 наурыз күні сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз – Наурыз» және «Сіз қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарын білесіз бе» тақырыбында танымдық экскурсияөткізілді. Экскурсия ересектер мен балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мерекесі туралы түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, қазақ халқының ырым – тыйым сөздерінің мән – мағынасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.