«Қош келдің, әз - Наурыз» және «Сіз қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарын білесіз бе» тақырыбындағы танымдық экскурсия

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылдың 19 наурыз күні сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында Наурыз мейрамына арналған  «Қош келдің, әз – Наурыз» және «Сіз қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарын білесіз бе» тақырыбында танымдық экскурсияөткізілді. Экскурсия ересектер мен балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мерекесі туралы түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, қазақ халқының ырым – тыйым сөздерінің мән – мағынасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Қош келдің, әз – Наурыз» және «Сіз қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарын білесіз бе» тақырыбында танымдық экскурсия «Этнография» экспозициялық залында киіз үйдің ішкі және сыртқы көріністер фонында өткізіліп, интерактивті тақта  көрсетілтен сөз-жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар слайд арқылы жүргізілді. Экскурсовод Динара Бисембаева барлық қатысушыларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, ежелден сақталып келген қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары туралы, соның ішінде үй тұрмысына, қоршаған ортаға, іс – әрекетке байланысты, сондай – ақ бала тәрбиесіне, бесікке қатысты ырым – тыйымдар туралы айтып өтті. Балалар үшін жеке бағдармалар ұйымдастырылды: наурызға байланысты викториналық сұрақтар, сөз жұмбақтарға жауап беру, наурыз мерекесіне арналған өздері білетін тақпақтары немесе слайд арқылы өлеңдерді мәнерлеп оқып шығу, «Кім көп біледі?» (өз ата – аналарынан естіп жүрген тыйым сөздері), «Сөз мәйегі» (тыйым сөздерді жалғастыру), «Білгенге маржан» (тыйым сөздердің мағынасы ашу) айдарлар және де қазақ халқының салт – дәстүрі бойынша «Ұлттық өнер», «Ұлттық жиһаз», «Наурыз көженің» қалай жасалатыны айтылып өтті.

Экскурсияға Атырау қаласының тұрғындары, Орал, Ақтөбе, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы, АҚШ мемлекетінен келген қала және шетел қонақтары, №17, №22 мектептің оқушылары қатынасты. Барлық келушілерге музейге кіру тегін болды.

Экскурсия аяқталғаннан кейін Орал қаласының тұрғыны Жалғасбек Болатбекұлы Пернебеков этнографиялық коллекциялардың өте жақсы сақталғанын, этнографиялық құндылықтарға бай екендігін атап, қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары туралы көп мағлұмат алғандығын және де танымдық экскурсияға қуана қатысқанын айтып музей ұжымына ризашылығын білдірді.

№17 мектеп – лицейінің 5 «в» сынып оқушысы Аружан Каирова барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, әр жексенбі сайын өткізілетін музей викториналарына қатысып жүргені туралы айтып берді.

 «Қош келдің, әз – Наурыз» және «Сіз қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарын білесіз бе» тақырыбында танымдық экскурсияға барлығы 40 көрермен қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru