«Қазақ даласының тарихы» атты Музейлік квест интеллектуальды байқауы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылдың 28 ақпан, 1 және 2 наурыз күндері сағ. 11.00 және 15.00-де  «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты еліміздің және өңіріміздің тарихын  насихаттау, музей қорындағы әр жылдары мәдени мұра бағытында жинақталған археологиялық, этнографиялық,  тарихи құнды жәдігерлеріміздің тарихын білу көпшілікке таныстыру мақсатында «Музейлік квест»  интеллектуалды  байқауы өткізілді.

28 ақпан күні квест байқауға Атырау бизнес және құқық колледжі, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжі, Атырау сервис колледжінің І курс студенттері қатынасты.

1 наурыз күні квест байқауға мәдениет қызметкерлері, атап айтқанда: М.Өтемісов атындағы облыстық қазақ драма театры, Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы - сәндік өнер музейі, облыстық балалар кітапханасы.

2 наурыз күні квест байқауға ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп- интернаты, М.Ломоносов атындағы орта мектеп, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының 9-10сынып оқушылары қатынасты. Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Байқаудың шымылдығын ашқан басшының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сағынтай Көпжасаров байқаудың басты мақсаты музейге көрермен тарту және өлкенің тарихымен таныстыру болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ қатынасушыларға квестбайқаудың шарттарын, ойын ережелерін түсіндіре отырып, барлығына сәттілік тіледі. Байқау барысында қатысушылар өзара жарысып, оларға музей мамандары жетекшілік етті. Барлық командалар музейдің экспозициялық залдары бойынша берілген тапсырмаларды орындап, сұраққа тез жауап беріп, жәдігерлерді жылдам табуға тырысты. Жастар өздерінің зейінділігі мен зеректігін көрсетіп ғана қоймай, білімдерін де ортаға салды. Қатынасқан барлық топтар, бар күштерін салып жеңімпаз атануға тырысты.

Студенттер арасында ұйымдастырылған квест байқаудың жеңімпазы  Атырау сервис командасы. Көптеген студенттер музейге алғаш рет келгендерін айтып, музей туралы өз әсерлерімен бөлісті. Сервис колледжінің студенті Самал Бигалиева  квест байқауы өте қатты ұнағаны және музей жәдігерлері, өлкеміздің тарихынан көп нәрсе білгені туралы әңгімеледі.

Мәдениет мекемелері арасында ұйымдастырылған квест байқаудың жеңімпазы М.Өтемісов атындағы облыстық қазақ драма театр командасы. Жеңген команданың қатынасушысы Динара Далибаева ойынның өте қызықты өткенін айтып өтті.

Ал оқушылар арасында қазақ және орыс тілдерінде өткізілген квест байқаудың жеңімпаздары ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия командалары ақтық кезеңге жолдама алды.

Квест байқаудың жеңімпаздарына ақтық кезеңге қатынасу үшін сертификаттар берілді.  Өзге қатынасушы топтарға музей ұжымы атынан байқауға қатысқаны үшінарнайы алғыс хаттармен  марапатталды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru