Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 26 ақпан күні сағ. 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Сиқырлы сандық»тақырыбында танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия ересектер мен балаларға қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы қолөнері, ою - өрнектері туралы түсінік бере отырып, мәдени құндылықтарға сүйіспеншілігін ояту, ұлттық өнерге қызығушылықтарын арттырумақсатында ұйымдастырылды.
«Сиқырлы сандық»танымдық экскурсиясы «Этнография» залында, экспозициядағы киіз үй фонында өткізіліп, экскурсовод Динара Бисембаева киіз үй туралы, оның ішкі құрылысы, көрінісі туралы толық мағлұмат берді.
Ең бастысы жасырылған экспонаттар қазақтың тұрмыстық бұйымдарының бірі сандықтың ішінде болды.
Экскурсовод сандықтағы жасырылған теріден және ағаштан жасалған дәстүрлі ыдыс-аяқ жиынтықтарымен (торсық, саба, кесеқап, астау) және жезден жасалған бұйымдар туралы түсінік берді. Эксурсовод әр экспонатты таныстырып, музей қонақтарынан ол заттың не үшін қолданылатыны туралы сұрақ қоя отырып, жауабын алғаннан кейін толық мағлұмат берді. Балалар үшін арнайы бағдарлама жасақталып, көркем сөз оқу, мақал – мәтел, жұмбақ шешу, викториналар өткізілді.
Экскурсияға Атырау қаласының тұрғындары, қаладағы 2201 «Г» әскери бөлімінің сарбаздары, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, №36 мектеп оқушылары, барлығы 68 адам қатынасты.
Экскурсия аяқталғаннан кейін 2201 «Г» әскери бөлімінің лейтенанты Нұрлан Абдулхай қазақ халқының тұрмыстық қолданбалы қолөнері, теріден жасалған ыдыс-аяқ жиынтықтары, кесеқаптың не үшін қолданылаты туралы сарбаздардың толық мағлұмат алғанын айтып, музей ұжымына алғысын білдірді.
№36 мектептің 1 сыныптың сынып жетекшісі Қуанышева Фариза Сансызбайқызы музей ұжымына ризашылығын білдіре отырып, оқушылардың музейде уақыттарын қызықты да, пайдалы өткізгендерін айтты.