«Ұлт өнерін ұлықтайтын жауһарлар» тақырыбындағы танымдық экскурсия

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 5 наурыз күні сағ. 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Ұлт өнерін ұлықтайтын жауһарлар»тақырыбында танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия ересектер мен балаларға музейқорында жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішіндегі қайталанбас туындылардың бірі – зергерлік бұйымдар туралы түсінік бере отырып, экскурсия барысында алған білімдерін пайдаланып, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет – ғұрыптары негізінде ұлттық тәрбиені құрметтеуге, халқымыздың ұлттық қолөнерін қадірлеуге, зергерлік өнерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

«Ұлт өнерін ұлықтайтын жауһарлар»танымдық экскурсиясы «Этнография» залында өткізіліп, экскурсовод Ғалия Назарбековамузей қонақтарына музей қорындағы қазақ халқының зергерлік өнерімен, ұлттық бұйымдарының түрлері, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы толық мағлұмат берді.

Экскурсияға Атырау қаласының тұрғындары, «Art scene» театр студиясы және№36 мектептің оқушылары қатынасты.

Экскурсия аяқталғаннан кейін «Art scene» театр студиясының басшысы Тимур Коесов оқушылардың күміс әшекейлер туралы көптеген мағлұматтар алғандығын айтып,әсіресе оларға құдағай жүзік пен құс тұмсық жүзіктің тарихы қызық болғандығыны туралы әңгімелеп, музей ұжымына ризашылығын білдірді.

№36 мектептің 7 сыныптың  сынып жетекшісі Фариза Сансызбайқызы Қуанышева оқушылардың музейде уақыттарын  қызықты да, пайдалы өткізгендерін айтып музей ұжымына алғысын білдірді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru