Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі маусым-тамыз айларында Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы маңындағы Ерте темір дәуірінің Қарабау-2 қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді. Аталған қорғанның диаметрі 70 м, биіктігі 300см. Қорғандар Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан солтүстік батысқа 8,5 км қашықтықта орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты М.Қасенов.