Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған «Дешті қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның пленарлық отырысынан кейін Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми–әмбебап кітапханасында панелдік отырысқа жалғасты.
І-секция Сұлтан Бейбарыс тұлғасының зерттелу тарихы мен тарихнамасы бағытында тарихшы - мәмлүктанушы, (Мысыр, Каир қ.) Емал Салех Мохаммед Ахмед - «Әль султон Әль Мәлик Әз Захир Бибарс», тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒЖБМ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, шежіретанушы (Қазақстан, Астана қ.) М. Алпысбес - «Бейбарыс тұлғасын бейнелейтін тарихи деректер», тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры Ж. Жұмабаева- «Бейбарыс - әлемдік тұлға» , тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒЖБМ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры С.Сапанов «Султан Бейбарыс и актуальные проблемы национально-ориентированной методологии», ҚР ҒЖБМ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.Нағимов «Сұлтан Бейбарыстың өмірі және қызметі»
ҚР ҒЖБМ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Қалдар Ислам - «Сұлтан Бейбарыс тарихына байланысты шетел ғалымдарының деректері» тақырыптарында баяндамалар жасады.