Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы» экспозициялық залдың салтанатты ашылу рәсімі болды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған залдың тұсаукесер лентасын Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Қазақстан Халқы Ассамблеясы Атырау филиалының мүшесі, «Иверия» грузин этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе қиды. Өз сөзінде Елбасымыздың ел игілігі жолында сіңірген ерен еңбегін егжей-тегжейлі баяндаған аймақ басшысы, мемлекетімізді іргелі елдерінің даму деңгейіне жеткізген жасампаз тұлғаның өмір жолын дәріптейтін осындай танымдық залдың Атырау өңірінен ашылуын өте орынды санайтынын айтты.