Резолюция қабылданды

2021 жылдың 27-29 қазан аралығында Атырау қаласында өткен «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жұмысының қорытындысында төмендегідей резолюция қабылданды:

 

  1. Алтын Орда өркениеті мәселесінің халықаралық тарихнамасын жаңа жаһандық көзқарас тұрғысынан жүйелеу; Алтын Орда мемлекеті тарихының әлемдік тарихтағы орнын ғылыми нақтылау мақсатында Алтын Орда мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы саяси, әлеуметтік, этногенездік және мәдени даму мәселесін зерттеу ісінде халықаралық деңгейде жан-жақты ізденістер жүргізу ісін қолға алу; Алтын Ордадағы дәстүрлі билік мәселесіндегі ерекшеліктер мен бірегейлік мәселесінің тарихи сабақтастығын ғылыми тұрғыдан айқындау. Алтын Орда дәуірін танушы шетелдік ғалымдармен еліміздегі гуманитарлық иниституттардың арасындағы байланысты нығайту, біріккен жобаларды қолға алу;

 

  1. Алтын Орда – Жошы Ұлысының Қазақ мемлекеттілігі мен Қазақ халқының қалыптасуындағы маңызды тарихи рөлін ескере отырып, Жошы Ұлысының Қазақ хандығы тарихындағы орнын зерттеуге арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу орталығын ашу;

 

  1. Алтын Орда кезеңіне қатысты археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу және қол жеткен тарихи жәдігерлердің реставрацияланған, консервацияланған нұсқаларын экспозициялық-көрме жұмыстарында көпшілік назарына ұсынып, ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру ісін халықаралық деңгейде қадағалау. Алтын Орда дәуірінде болған қалалар мен елді мекендерге археологиялық қазба жұмыстарын үзбей жүргізу және оны үкіметтік деңгейде қаржыландыру;

 

  1. Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша Алтын Орда – Жошы Ұлысы мен Қазақ хандығы арасындағы этникалық қатынастар тарихын зерттейтін мамандардың жетіспеушілігін ескере отырып, Шығыс тілдерін меңгерген Орта ғасыр тарихын зерттеуші жас мамандарды магистранттар мен докторанттарды дайындау ісін қолға алу мақсатында, оқу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне осы мамандықтар бойынша білім беру гранттарының санын арттыруға ұсыныстар беру;

 

  1. Бүгінгі таңда Білім беру бағдарламаларында «Тарих және археология» тобының бірге қарастырылып отырғандығын ескерсек, бөлінетін грант санының шектеулі болуына байланысты, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі қоғамда айқын байқалатындығы белгілі. Осыған орай, кездесіп отырған түйінді мәселені шешу үшін, аталған білім беру топтарын «Тарих», «Археология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтарына жеке білім беру бағдарламаларына бөлу ісі қарастырылсын деген ұсынысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беру|;

 

  1. Қазақстанның Ұлттық музейінде (Нұр-Сұлтан қ.) мемлекеттану тарихына арналған жеке көрме экспозициясын құру;

 

  1. Сарайшық пен Ұлытау ескерткіштері негізінде тарихи-мәдени туризмді дамыту;

 

  1. Қазақстан тарихының Алтын Орда кезеңіндегі негізгі тарихи таңбаларын танымал ету: Жошы, Бату, Берке, Тұқа-Темір, Ноғай, Өзбек-хан, Жәнібек-хан, Ұрыс-хан, Едіге-би, Тоқтамыш-хан және т.б.;

 

  1. Қазақстанды халықаралық аренада Ұлы дала империясының, оның ішінде Алтын Орданың мұрагері ретінде таныту;

 

  1. Мемлекеттік телеарналарға және белгілі отандық ақпараттық агенттіктерге Ұлық Ұлыс тарихын БАҚ және интернет-ресурстар арқылы танымал ету бойынша білім беру-танымдық бағдарламаларын жүргізу;

 

  1. Осы ретте тұрақты интернет-ресурсын (арнаны) ашуға болады, ол арқылы белгілі мамандар, ғалымдар, публицистер Алтын Орда мен түркі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін және даңқты тұлғалардың өмір жолын ғылыми-танымдық нысанда баяндау мүмкіндігін қарастыру;

 

    12. Атырау облысында Қасым ханға ескерткіш орнату;

 

  1. Атырауда Алтын Орда тарихы музейін жасақтау;

 

  1. Атырау облысы территориясындағы Алтын Ордалық қалаларға институттармен бірлесіп ғылыми барлау, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru