Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейі 2016 жылғы 29 қарашада  Ф.Досымова атындағы №12 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында «Ядролық қарусыз әлем» атты тақырыптық сабақ ұйымдастырды.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «XXI ғасыр көшбасшысы»  атты мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2016 жылғы 28 қараша күні сағ: 15:00-деҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Қазақстанның басты атрибуты Ұлттық Валюта күніне арналған «Теңге - тәуелсіздіктің нышаны» атты  тарихи-танымдық сабақ өтті.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2016 жылғы 27 қараша  күні сағ: 14.00-де Бейбітшілік пен бірлік және Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихына байланысты  «Мәңгілік елдің құндылықтары»  және «Қазақтың ұлттық бас киімдері» тақырыбында тағылымдық сабақ өткізілді.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі 2016 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Елбасының Жаһандық бастамаларына арналған «Жаһандық бастамалар - жас буын көзімен» атты тарихи-тағылымдық сабақты Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты №7 М.Әуезов атындағы орта мектебіне барып  өткізді.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында  24 қараша  - Мемлекеттік тіл тақырыптық күні болып белгіленуіне орай  Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты №2 орта мектебінде еліміздегі тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына байланысты алға қойылған үш тілде білім беру саясатын кеңінен насихаттауда  мектеп оқушыларына «Үштілділік – заман талабы» атты тақырыптық сабақ ұйымдастырды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru