Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 3 наурыз 2017 жылғы сағ:11-00-де  Қазақстан  Жазушылар  және Журналистер Одағының мүшесі, Махамбет ауданының Құрметті азаматы, ақын  Жәниба Қарасаеваның 70 жасқа толуына орай «Қазақтың жырға құмар бір қызымын..» атты кездесу өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылдың 28 ақпан, 1 және 2 наурыз күндері сағ. 11.00 және 15.00-де  «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты еліміздің және өңіріміздің тарихын  насихаттау, музей қорындағы әр жылдары мәдени мұра бағытында жинақталған археологиялық, этнографиялық,  тарихи құнды жәдігерлеріміздің тарихын білу көпшілікке таныстыру мақсатында «Музейлік квест»  интеллектуалды  байқауы өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылдың 26 ақпан күні сағ. 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Сиқырлы сандық»тақырыбында танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия ересектер мен балаларға қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы қолөнері, ою - өрнектері туралы түсінік бере отырып, мәдени құндылықтарға сүйіспеншілігін ояту, ұлттық өнерге қызығушылықтарын арттырумақсатында ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттікуниверситетінде 24 ақпан 2017 жылы сағ.14.00-де университеттің гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің тарих бөлімінің студенттерінеҚазақ КСРЖоғарғы Кеңесінің депутаты, партия, кеңес қызметкері Қайрош Тастайбековтың туғанына 110 жыл толуына орай  «Ел мүддесін екшеген қайраткер» атты тарихи-тағылымдық сабақ  ұйымдастырды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 24 ақпан 2017 жылы сағ.11.30-да Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенттеріне   археологиялық жәдігерлерді насихаттау мақсатында «Қылыш қорғанының қазбасы» тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі №12 Ф.Досымова атындағы орта мектебінде 23 ақпан 2017 жылы сағ.11:00 де танымал журналист, ақын-драматург, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Марат Ысқақ Абдошұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Қарымды қаламгер» атты тарихи-тағылымдық сабақ ұйымдастырды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru