«Ел мүддесін екшеген қайраткер» тақырыбындағы тарихи-тағылымдық сабақ

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттікуниверситетінде 24 ақпан 2017 жылы сағ.14.00-де университеттің гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің тарих бөлімінің студенттерінеҚазақ КСРЖоғарғы Кеңесінің депутаты, партия, кеңес қызметкері Қайрош Тастайбековтың туғанына 110 жыл толуына орай  «Ел мүддесін екшеген қайраткер» атты тарихи-тағылымдық сабақ  ұйымдастырды.

Сабақтыңжас ұрпақ санасынапартия, кеңес қызметкері Қайрош Тастайбековтыңоблысқа сіңірген еңбегінүлгі етіп, өмірі мен еңбек жолын кеңінен насихаттауда студенттер үшін ерекше маңызы болды.

Атыраудың төл перзенті Қайрош Тастайбеков 1907 жылы Атырау облысы, (Гурьев) Индер ауданының Есбол болысында дүниеге келген. 1929 жылы осы ауылда «Красный Октябрь» колхозын ұйымдастырушылардың бірі болып, басқарма көмекшісі, соңынан басқарма төрағасы болып сайланды. 1930 жылы кеңестік партия мектебін бітіріп, 1934 жылы Орал-Каспий мемлекеттік балық тресінің Старо-Лицевой балық зауытында партия ұйымының хатшысы, Гурьев аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарды.

1937 жылы Махамбет (Бақсай) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының ұйымдастыру комитетінің Гурьев облысы бойынша төрағасы, 1940 жылы Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағалығына сайланды.1942 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімімен Қазақ КСР Балық өнеркәсібі халық комиссары қызметіне, 1944 жылы Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтеріне тағайындалды. Партия мен Үкімет оның еңбегін бағалап, 1944 жылы «Еңбек Қызыл Ту», 1946 жылы «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталады.

1947-1949 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1949-1958 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Одақтық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққан соң да еңбектен қол үзбей, Шымкент қаласында халыққа тұрмыстық қызмет ету саласында еңбек етіп, 1979 жылы өмірден өтті.

Сабақ барысында Қайрош Тастайбековтың балалық шағына, облысқа сіңірген еңбегіне тоқталып, өмірінен сыр шертер фотосуреттерінен дайындалған слайд  көрсетілді.Сабақта тарих кафедрасының оқытушысы Динара Хамидуллина бүгінгі сабақтың маңыздылығын, кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол екендігін атап өтіп, музей ұжымына алғысын білдірді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru