Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 26 наурызда сағ 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің театрландырылған қойылымы өткізілді. Ертегі демалыс күндері отбасылық демалыстарды ұйымдастыра отырып ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, халқымыздың сүйікті ертегілерін насихаттау арқылы музей жәдігерлерімен таныстыру, ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге үйрету, балаларды еңбекке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында қойылды.