«Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбындағы «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің қойылымы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 26 наурызда  сағ 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің театрландырылған қойылымы өткізілді. Ертегі демалыс күндері отбасылық демалыстарды ұйымдастыра отырып ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, халқымыздың сүйікті ертегілерін насихаттау арқылы музей жәдігерлерімен таныстыру, ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге үйрету, балаларды еңбекке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында қойылды.

         Театрландырылған қойылым «Этнография» экспозициялық залында музыканың сүйемелдеуімен өткізілді. Киіз үй мен залдағы көріністер ертегіге әсемдік сипат беріп, балаларды «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің тартымды  әлеміне ертіп кететін кейіпкерлері күтіп алды. Балалар ертегіге өте жақсы көңіл – күймен белсене қатынасып отырды. Кішкентай көрермендіріміз ертегілер әлеміне саяхат жасау арқылы ұмыт болып бара жатқан ертегі кейіпкерлерімен қайта қауышып, ертегі кейіпкерлеріне еліктеу арқылы жағымды қасиеттерді өз бойларына сіңіре алды. Шара соңында барлық көрермендерге музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін музей қызметкерлері және «Жас саяхатшылар» клубының мүшелері ойнады.

         Музейіміздің қонағы болған Нұрлан мен Мадина Байменшиновтар отбасы балаларымен ертегіні тамашалауға келіп,  «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте ұнады, балалар үшін көптеген жаңа танымдық іс-шаралар жүргізіліп жатқанына қуаныштымыз деп өз ойларын білдірді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru