Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылы 12 сәуір күні сағ. 15.00-де «Сен жалғыз емессің» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  «Музей  –  тарих айнасы» тақырыбындағы видеофильмнің тұсаукесері өткізілді. Шара мүмкіндігі шектеулі жандарды мәдени ортаға тартып, қолдау көрсету және музейдің экспозициялық залдарымен таныстыру мақсатында өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 10-14 сәуір күндері аралығында «Музейдің ғажайып әлемі» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын элементтерімен танымдық экскурсияөткізілді.Экскурсия оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы, музейге қызығушылықтарын арттырып,ойын арқылы танымын, белсенділігін,шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылы 9 сәуір күні  «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Алуан түрлі жануарлар әлемі» тақырыбында ойын элементтерімен танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия бастауыш және орта сынып оқушыларына жануарлар туралы түсініктерін, білімдерін арттыру, жануарлардың көп түрлілігі мен топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету және табиғаттың тіршілігі мен қоршаған ортаны тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылдың 4 – 6 сәуір күндеріаралығында өткізілген «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты еліміздің және өңіріміздің тарихын  насихаттау, музей қорындағы әр жылдары мәдени мұра бағытында жинақталған археологиялық, этнографиялық,тарихи құнды жәдігерлеріміздің тарихын білу көпшілікке таныстыру мақсатында «Музейлік квест»  интеллектуалды  байқауы өткізілді.

Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауыменАтырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  2017 жылы  30 – 31 наурыз  күндері сағ: 10.00 - 17.00 аралығында мемлекеттік музейлердің экскурсия жүргізушілері арасында «Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017» облыстық байқауыөткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 26 наурызда  сағ 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің театрландырылған қойылымы өткізілді. Ертегі демалыс күндері отбасылық демалыстарды ұйымдастыра отырып ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, халқымыздың сүйікті ертегілерін насихаттау арқылы музей жәдігерлерімен таныстыру, ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге үйрету, балаларды еңбекке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында қойылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru