«Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017»

Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауыменАтырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  2017 жылы  30 – 31 наурыз  күндері сағ: 10.00 - 17.00 аралығында мемлекеттік музейлердің экскурсия жүргізушілері арасында «Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017» облыстық байқауыөткізілді.

Байқау музейге келушілермен  жұмыс істеуде жаңа әдістер енгізу, экскурсия жүргізушілердің дәрежесін көтеру, кәсіптік және шығармашылық бастамаларын ынталандыру, заманауи әдістер мен формаларды енгізу, экскурсиялық қызмет көрсету, сапасын арттыру мақсатында өткізілді.

Байқауға облыстық және аудандық музейлерден, атап айтқанда: Атырау облысы тарихи–өлкетену музейі, Ш.Сариев атындағы өнер музейі, Индер, Исатай, Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға, Мақат аудандық тарихи - өлкетану музейлері және «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорығы, Жылыой аудандық «Атамұра» тарихи -өлкетану музейі қызметкерлерінен 12 экскурсовод қатынасты.

Байқау 2 кезеңнен өткізілді.Байқаудың  І – кезеңі «Музеймен таныстыру»сырттай өткізілді. Байқаудың  ІІ – кезеңі үш бөлімнен тұрады:

1 бөлім: еркін тақырыпта экскурсия жүргізу. Тарих, әдебиет және өнер тақырыптарында байқауға қатысушылардың өздері алып келген музей жәдігерлері мен картиналарын пайдалану арқылы әңгімеледі.

2 бөлім:«Экскурсия жүргізуші портфелінен» алынған бір жәдігердің көмегімен  экспромт- экскурсия жүргізілді. (жеребе тарту арқылы);

3 бөлім: «Музейге қош келдіңіз!» атты экспромт-байқау.Байқауға қатысушы өзі таңдаған тақырыпта жеребе бойынша анықталған көрсетілген әр түрлі жастағы топпен экскурсия жүргізді.    

Шараның марапаттау рәсімі2017 жылдың 31 наурызында сағ.15.00-деН.Жантурин атындағы облыстық филармониясында өткізілді.

Байқауға қатынасқан үміткерлерді құттықтау үшін Атырау облысы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Азамат Нұржауұлы сөз сөйледі.

Байқауға қатынасушыларды алғыс хатпен және номинациялармен Қазқстан жазушылар одағының Атырау филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлы марапаттады.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Назарбекова  Ғалия  Назарбекқызы, Орынбасарова Ақтоты Маратқызы,Мақат аудандық тарихи - өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Есенғалиева Айгүл Зиноллақызы, «Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017» облыстық байқауынақатынасқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

«Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017» облыстық байқауына қатынасып, Ұлттық құндылықтарды насихаттағаны үшін – «Ұлт жанашыры» номинациясы бойынша Құрманғазы аудандық тарихи - өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Мұсағалиева Ақмарал Марзухқызы,  «Көрермен көзайымы» номинациясымен Жылыой аудандық «Атамұра» музейінің экскурсия жүргізушісі Кожахметова Гульнар Бауржанқызымарапатталды.

 «Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017» облыстық байқауына қатынасып үздік өнер көрсеткені үшін 3-ші дәрежелі ДипломменИсатай аудандық тарихи – өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Туралиева Мөлдір Темирханқызы, Индер аудандық  тарихи – өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Оспанова Зəуреш Сагитқызы, Қызылқоға аудандық тарихи - өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісіРахметова Нұржамал Қабидоллақызын  қазылар алқасының  мүшесі Таскалиева  Гаухар  Болатқызы марапаттады.

 «Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017» облыстық байқауына     қатынасып, үздік өнер көрсеткені үшін 2-ші дәрежелі Дипломмен Хан Ордалы Сарайшық мұражай қорығының экскурсия жүргізушісі Диярова Жанар Кабдулкакимқызы, Ш.Сариев атындағы өнер музейіТогаева Камшат Молжигитқызымарапатталды.

 «Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017» облыстық байқауына қатынасып үздік өнер көрсеткені үшін 1-ші дәрежелі дипломменМахамбет аудандық тарихи-өлкетану музейі экскурсоводы  Мурсалимова Айдана Ибатоллақызын қазылар алқасының  төрайымы Харипова Рашида Ерімқызы марапаттады.

«Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017» облыстық байқауының Бас жүлдесін жеңіп алған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Бисембаева Динара Аманжолқызын Атырау облысы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Азамат Нұржауұлы Джолаев марапаттады.

Шара соңы Н.Жантурин атындағы облстық филармониясы әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru