Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 4 – 6 сәуір күндеріаралығында өткізілген «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты еліміздің және өңіріміздің тарихын насихаттау, музей қорындағы әр жылдары мәдени мұра бағытында жинақталған археологиялық, этнографиялық,тарихи құнды жәдігерлеріміздің тарихын білу көпшілікке таныстыру мақсатында «Музейлік квест» интеллектуалды байқауы өткізілді.
Байқауға Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері және Білім беру бөліміне қарасты орта мектеп оқушылары арасында өткізілді.
4 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында өткізілген квест байқауының ІV кезеңіне Атырау индустриалды колледжі, Энергетика және құрылыс колледжі, Көлік және коммуникация колледжінің студенттері, 5 сәуір күні мәдениет мекемелері, атап айтқанда: Атырау облыстық мемлекеттік мұрағат, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрі, Облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы қызметкерлері, 6 сәуір күні Абай атындағы №15 орта мектеп, Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі, №24 орта мектеп оқушылары қатынасты. Оқушылар арасында квест байқау екі мезгілде қазақ және орыс тобы оқушылары арасында жүргізілді.
Байқаудың шымылдығын ашқан басшының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сағынтай Копжасаров байқаудың басты мақсаты көпшіліктің музейге қызығушылығын арттыру және өлкенің тарихымен таныстыру болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ қатынасушыларға квестбайқаудың шарттарын, ойын ережелерін түсіндіре отырып, барлығына сәттілік тіледі. Байқау барысында қатынасушылар үш топқа бөлініп, оларға музей мамандары жетекшілік етті. Барлық командалар музейдің экспозициялық залдары бойынша берілген тапсырмаларды орындап,сұраққа тез жауап беріп, жасырылған жәдігерлерді жылдам табуға тырысты. Өздерінің зейінділігі мен зеректігін көрсетіп ғана қоймай, білімдерін де ортаға салды.
Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері арасында өткізілген квест байқаудың жеңімпазы Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрі командасы, жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылған квест байқаудың ІV- кезеңінің жеңімпазы Атырау энергетика және құрылыс колледжі командасы, ал оқушылар арасында қазақ және орыс тілдерінде өткізілген квест байқаудың жеңімпаздары №24 орта мектеп (қазақ тобы) және Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі (орыс тобы).
Квест байқаудың жеңімпаздарына ақтық кезеңге қатынасу үшін сертификаттар берілді. Өзге қатынасушы топтарға музей ұжымы атынан байқауға қатысқаны үшінарнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Қатынасушы командалар квест байқауда өздерінің білімдерін сынап, уақыттарын қызықты да, пайдалы өткізгендерін айтып, музей туралы өз әсерлерімен бөлісіп, музей ұжымына ризашылығын білдірді.